RU
"Әкесін айтпаймын": Байзақова кімнен жүкті екенін сұрағандарды орнына қойды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Әкесін айтпаймын": Байзақова кімнен жүкті екенін сұрағандарды орнына қойды

Рассказать Вконтакте

Атышулы Айжан Байзақова болашақ баласының әкесі туралы сұрақ жаудырған оқырмандарына шүйлікті. Ол өзінің жеке өміріне араласа беруін доғаруды талап етті деп жазады NUR.KZ.

"Баламның әкесі жайлы сұрақтар таусылар емес. Алайда, бір айтарым бұған дейін ешкім менің қарым-қатынасым жайлы білмеген және білмейді де. Менің отбасыммен менің сүйіктім - менің жеке әлемім. Сол себепті, нәтиже шықпайды. Сауалдарыңызды жаудыруды қойыңыздар!" , - деді Байзақова.

Айта кетейік, бұған дейін атышулы арудың жүкті екенін хабарлаған болатынбыз. Болашақ ананы бірден отандық танымал вайнерлер жарыса құттықтай бастады. Сонымен қатар, бойжеткен алдымен тұрмысқа шыққанын мәлімдеп, кейіннен ажырасып кеткенін де жария етті.

Байзақова баласының жынысын да еш жасырмай, оқырмандарымен бөлісті. Жалаңаш суреттерімен танымал болған ару жүкті болғалы жабық киіне бастаған. Ол өз парақшасына қара хиджаб киген суретін де жүктеп қойған.

Сонымен қатар атышулы блогер ішімдікті тастаудың қиынға соққанын да айтқан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
2
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel