RU

Назарбаев Сауд Арабиясы королі мен тақ мұрагерін Қазақстанға шақырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифтің зор үлес қосқанын атап өтті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC
Сауд Арабиясы – ислам әлеміндегі біздің маңызды әрі сенімді серіктесіміз. Біз екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Сондықтан мен Сауд Арабиясының Королі Салманды және Тақ мұрагерін Қазақстанға шақырдым", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі кездесуге мүмкіндік алғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылық білдіріп, Қазақстанға Сауд Арабиясының жоғары басшылығының тапсырмасы бойынша келгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761184-nazarbaev-saud-arabiasy-koroli-men-tak-mragerin-kazakstanga-sakyrdy.html