Выйти
RU

Париж әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Париждегі Шарль-де-Голь халықаралық әуежайнда екі ұшақ соқтығысып қалды деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: destinationtunisie.info

Көрнекі фото: destinationtunisie.info

Жергілікті Le Parisien басылымы таратқан мәліметке сәйкес, жермен жүру жолағында америкалық Delta Air Lines лайнері қанатымен Air France әуе компаниясына тиесілі Airbus A330-200 ұшағының артқы бөлігін соғып кетіпті.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алайда Сан-Мартен аралына жол тартпақ болған франциялық әуе кемесінің ұшу уақыты кейінге шегерілді.

Енді мамандар ұшақты жіті тексерістен өткізіп, соқтығысудың қалай орын алғанын анықтайтын болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Париж әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды