RU
20 мың теңгеге күн көруге бәстескен депутат бірнеше келіге арықтап кетті
Жаңалықтар Әлемде

20 мың теңгеге күн көруге бәстескен депутат бірнеше келіге арықтап кетті

Рассказать Вконтакте

Үш жарым мың рубльге (20 мың теңге) күн көруге бәстескен Саратов облысының дума депутаты Николай Бондаренко бір аптаның ішінде екі келіден аса салмақ тастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Риа Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

vzsar.ru

Фото: vzsar.ru

Саратов думасының депутаты соңғы апта өміріндегі ең ауыр апта болғанын жасырмады.

Соңғы күндері тек жарма жеп жүрген ол өзге тамақтарға ақшасы жетпейтінін мәлімдеді.

"Мөлшерлеп қана тамақ жегендіктен, үнемі қарным ашып жүреді. Күнделікті жеп үйренген шұжық, ірімшік, көкөністер мен жемістер жоқ. Бұл менің көңіл-күйіме кері әсерін тигізіп жатыр", - деді депутат.

Ас мәзірінде мүлде тәтті жоқ болғандықтан, жұмыс істеу қиынға соғып жүргенін де депутат ашық айтты.

Соңғы жылдары салмағы бір деңгейде тұрған депутат бір аптаның ішінде екі келіден аса салмақ тастаған екен.

Бұл диетаның немен аяқталатыны әлі белгісіз, Бондаренко бұл мәзірді әлі үш апта ұстануы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, депутат еңбек, жұмыспен қамту және миграция министрі Наталья Соколовамен бәстесскеннен кейін үш жарым мың рубльге бір ай күн көруге бел буған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel