RU
Алматыда жол жиегіне шығып кеткен көлік әйелді қағып, мерт қылды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жол жиегіне шығып кеткен көлік әйелді қағып, мерт қылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Сүйінбай даңғылында жантүршігерлік жол апаты орын алып, әйел адам қаза тапты. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Куәгерлер берген мәліметке сәйкес, "Ауди" көлігіндегі азамат рөлді басқара алмай, жүк көлігіне барып соқтығысады. Салдарынан жеңіл көлік шетке қарай сырғып, жол бойында тұрған әйелді қағып кеткен.

Жаяу жүргінші 10 метрдей қашықтыққа ұшып, ал "Ауди" бағанаға тіреледі.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Куәгердің айтуынша, "Ауди" жүргізушісі мас болуы мүмкін. Себебі ол мінген көліктің ішінен спирттік ішімдік иісі мүңкіп тұрыпты.

Өкінішке орай әйел адам ауыр жарақаттар салдарынан мерт болды. Ал жүргізушіні ауруханаға жеткізген.

Полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel