RU
337 мың теңге зейнетақы алу үшін айына қанша ақша табу керек?
Жаңалықтар Қоғам

337 мың теңге зейнетақы алу үшін айына қанша ақша табу керек?

Рассказать Вконтакте

"Финпотребсоюз" қаржылық қызмет тұтынушылар одағының басқарма төрағасы Айдар Алибаев айына 337 мың теңге көлеміндегі зейнетақы алу үшін қайда және қанша уақыт еңбек ету керек екенін айтты. Бұл туралы Тengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

ЕНПФ қайда жұмыс істеу керек

Көрнекі фото: zhasalash.kz

Сарапшының айтуынша, зейнетақы қорындағы есепшотта 10-30 млн теңге көлеміндегі қаражат болу үшін жақсы жалақы алып, қомақты төлемдер жасау керек. Мәселен, 20 жыл депутат болып я болмаса қарулы күш құрылымдарында, қаржы немесе мұнай-газ салаларында жұмыс істеу керек.

Алибаевтың пікірінше, мұндай зейнетақы алу мүмкін, алайда ондай ақшаны жинауға мүмкіндігі барлардың саны 2-3 пайыздан аспайды.

Депутаттың зейнетақы қорындағы қаражатын есептеп берген сарапшы 1 млн көлемінде жалақы алатын депутат айына 100 мың теңгеден қорға аударып отырса, 20 жылдың ішінде 24 млн жинай алатынын айтты. Егер, бұл сомаға БЖЗҚ аударатын инвестициялық кірістер пайызын қосса, зейнетақыға шығар уақытта оның 30-32 мың көлемінде қаражаты болады, дейді Алибаев.

Еске салсақ, БЖЗҚ Қазақстандағы көп ірі зейнетақы мөлшерін атаған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
5
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel