RU
Хэллоуинде Бейонсе болып киінген мейірбике жұмысынан қуылды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Хэллоуинде Бейонсе болып киінген мейірбике жұмысынан қуылды (фото)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та Шелби Хинан есімді мейірбике Хэллоуинде әйгілі әнші Бейонсе болып киінгені үшін жұмысынан қуылды. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Шелби Хинан мен оның жігіті Хэллоуинге Бейонсе мен Джей зи болып киінген. Танымал әншілерге ұқсау үшін жұп беттеріне арнайы қарайтайтын реңкілік иісмайын жаққан екен.

Бейонсе кейпіне енген әйел адам суретке түсіп, суретті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Көп ұзамай әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Хинан істейтін ауруханаға хабарласып, қыздың үстінен шағым түсірген. Келесі күні Шелби блэкфейс үшін жұмысынан босатылады.

Шелби Хинан бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді, өзінің Facebook-тегі парақшасын өшіріп тастады.

Айта кетейік, Блэкфейс - қара нәсілді адамның келемеж суретін жасау үшін актерлер мен әзілкештер қолданған театр гримінің түрі екенін айта кеткен жөн.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
6
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel