RU
ШҚО-да полицейлерді өзінің өліміне сендірмек болған ұры ұятқа қалды
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да полицейлерді өзінің өліміне сендірмек болған ұры ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

ШҚО-дағы Глубокое ауданында қызықты жағдай орын алды. Бөтен адамның көлігін айдап кеткен ұры полицейлердің қолына түскен кезде оларды өзінің өліміне сендірмек болған деп жазады "Алтайньюс".

Фото: Donday

Фото: Donday

Басылымының жазуынша, Глубокое ауданының тұрғыны өзінің ВАЗ-21093 маркалы көлігінің ұрланғаны жөнінде полицияға шағым түсірген. 25 жастағы жігіт өзіне келтірілген залалды 700 мың теңгеге бағалапты.

"Көліктің ұрлануы жөнінде хабарлама келіп түскен бетте бірден барлық полиция посттарына жеткізілді. Тәртіп сақшылары Өскемен-Риддер тас жолындағы қозғалысты жіті бақылауға алған. Нәтижесінде оқиғаға қатысы бар азамат ұсталды", - дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз мәслихаты.

Ұры алысқа ұзамады деген полицейлердің болжамы расталып, жоғалған көліктің сипаттамасына сай келетін темір тұлпар Өскемен-Риддер тас жолында тәртіп сақшыларының назарына түскен.

Анықталғандай, автокөліктің алдынғы нөмірлік белгісі болмай шыққан.

Полицейлер көлік жүргізушісін бірден тоқтатпақ болған. Алайда, құлақ аспаған ер адам жолдан шығып кетіп, көлікті жолсыз жерге қарай бұрып жібереді.

Салдарынан тәртіп сақшыларынан құтылып кетем деп ойлаған азаматтың мінген көлігі жыраға түсіп кетіп, өшіп қалады. Сәтсіздікке ұшыраған жүргізуші болса, қолға түске сәтінде еш қимылсыз, өлі адамның кейпіне ене кеткен. Ол полицейлерді өзінің өліміне сендіргісі келген. Алайда, қулығы іске аспай, ер адамның қолына сол жерде кісен салынады.

Ал бөтен адамның көлігін ұрлаған азаматтың Белоусовка кентінің 29 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel