Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылдан келген": Қыздардың қылығы екі даяшының ашына тиген

Опубликовано:

Киевтегі мейрамханалардың бірінде даяшы жігіттер дөрекі қонақтардың бетіне торт лақтырды деп жазады dayonline.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: UGC

Оқиға Guramma Italiana деп аталатын мейрамханада болған. Даяшы жігіттер бойжеткендердің қылығына шыдамаса керек, олар қолдарындағы тәттіні қос арудың бетіне лақтырған.

Оқиғаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған екен.

"Бүгін түстенуге барғанымда, мейрамханада отырған екі ауылдан келген қызға тап болдым. Олар өздеріне назар аудару үшін көрінгенге тиісіп, жан-жағындағыларды түртпектеп отырды. Лайықты жазаларын алды. Мен бәрін түсіріп үлгердім. Не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің, бірақ мен даяшылардың жағындамын. Ал сендер қалай ойлайсыңдар?", - деп жазды желі қолданушысы.

Ашуға бой алдырған қыздар бірден мейрамхана әкімшісін шақырады. Жанжал немен аяқталғаны белгісіз, алайда желі қолданушыларың дені даяшыларды жақтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1761241-auyldan-kelgen-kyzdardy-kylygy-eki-daasyny-asyna-tigen/

pixel