RU
Алматы облысында көз жұмған екі жастағы қыздың анасы оның басына қауіпті препарат жаққан
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында көз жұмған екі жастағы қыздың анасы оның басына қауіпті препарат жаққан

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы облысында қайтыс болған екі жастағы қызға қатысты пікір білдірді. Бекшиннің айтуынша, оның анасы қыздың басын биттен тазаламақ болып, білместіктен қауіпті препаратты қолданған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысында көз жұмған екі жастағы қыздың анасы оның басына қауіпті препарат жаққан

Көрнекі фото: mke.ee

"Ауыл тұрғындарының барлығы дерлік, мал дәрігерлері де креолиннің не үшін қолданылатынын біледі. Бірінші кезекте, оны малдың денесіне жабысқан кенелер мен өзге де паразиттерді өлтіру үшін жасалатын дезинфекциялық өңдеулерде пайдаланылады", - деді журналистерге сұхбат берген Бекшин.

Еліміздің бас санитарлық дәрігері бұл препараттың иісі өте өткір болатынын атап өтті.

"Тіпті оның не екенін білмейтін адамның өзі оны қолдана алмайды. Оның иісі өте жаман. Малдарға бұл препаратты қолданғаннан кейін олар біразға дейін табынға қосыла алмайды. Себебі, оның мал ағзасынан шығып кетуі үшін ұзақ уақыт керек", - деп түсіндірді ол.

Еске салсақ, Алматы облысы Туғанбай ауылында екі және бес жасар қыздарын педикулезден емдемек болған келіншек әсері мықты ветеринарлық "Неоцидол" қосындысын сатып алып, бүлдіршіндердің басына жаққан. Салдарынан, олардың жағдайы күрт нашарлап, екі жасар бүлдіршін көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel