Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі әйел бір баланы дүниеге әкелді (фото)

Опубликовано:

АҚШ-та медицина тарихында алғаш рет ерекше ұрықтандыру әдісі арқылы екі әйел бір баланы көтеріп, дүниеге әкелді. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

on-woman.com
Көрнекі фото:on-woman.com: UGC

Апалы-сіңлі Эшли мен Блисс Коултер бірегей тәжірибеге қатысқан. Алғаш рет екі әйел бір баланы көтеріп, босанды.

Реципрокты экстракорпоралды ұрықтандыру әдісінің арқасында бала бір әйелдің аналық жасушасында ұрықтандырылып, ұрықтану қабілетінде қиындықтары бар екінші әйелдің жатырына орналастырылған.

Ғалымдар жаңа әдістің әдеттегі экстракорпоралды ұрықтандыруға қарағанда екі есе арзан екенін, 15 мың доллар ғана жұмсалатынын баса айтып отыр.

Блисс Коултер мен Эшли Коултер/Bliss Coulter
Фото:Блисс Коултер мен Эшли Коултер/Bliss Coulter: UGC

Ғалымдар ерекше ұрықтандыру әдісімен туылғанына қарамастан баланың денсаулығы жақсы екенін, бүгінгі таңда "түтіктен шыққан бала" бес айлық болғанын хабарлады.

Жаңа әдіс бала сүюді қалайтын жұптардың армандарын орындау мүмкіндігін арттырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1761263-eki-jel-bir-balany-dniege-keldi-foto/

pixel