RU
"Қарғыс атқан жер": Жезқазған-Сәтпаев тас жолында тағы көлік апаты болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"Қарғыс атқан жер": Жезқазған-Сәтпаев тас жолында тағы көлік апаты болды

Рассказать Вконтакте

Жезқазған-Сәтпаев тас жолында жантүршігер көлік апаты болды. Екі көліктің соқтығысуынан бір адам қаза болып, жеті адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

ladyelena.ru

Көрнекі фото:ladyelena.ru

Сәтпаев қаласының маңындағы тас жолда болған қайғылы оқиғадан Mitsubishi Galant көлігін тізгіндеген 39 жаста ер адам қаза болған.

Алдын ала мәлімет бойынша апаттың орын алуына 23 жастағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі себепкер болған.

"Жезқазған-Сәтпаев" тас жолында болған көлік апаты фактісіне сәйкес қылмыстық кодекстің 345-ші бабы үшінші тармағы ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі кезде сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жергілікті тұрғындар мен куәгерлердің айтуынша, көлік апаты орын алған жерде жиі көліктер соқтығысады екен. Адамдар бұл жерді "қарғыс атқан" деп атайтын көрінді.

"Бұл қарғыс атқан жер сияқты... Ол жерде үнемі көліктер соқтығысып, адамдар қайтыс болып жатады. Бірнеше ай бұрын жолдың дәл осы бөлігінде бірнеше көлік соқтығысып, адамдар қаза болған. Жергілікті тұрғындар ол жерге ескерткіш те қойды, бірақ еш нәтиже жоқ. Көлік апаттары жалғасуда. Қираған көліктерге қарасаң өзінде жайсыз сезініп кетесін, адамдар бұл жерден қорқады. "Ол жерде құрбандық шалайық" деген ұсыныстар да түсіп жатыр", - деді Сәтпаев қаласының тұрғындарының бірі.

Жергілікті көлік жүргізушілері де жолдың осы бөлігінде жиі көліктер соқтығысатынын растап отыр. Олардың айтуынша, бұған жолдың нашарлығы себеп болады екен.

"Ол жердегі тас жол өте нашар. Барлық жері тесілген. Жылдамдық шектейтін жол белгілері жоқ. Ол жерге әлдеқашан жылдамдықты шектейтін белгілер мен жол ережесін бұзған жүргізушілерді тіркеп отыратын камера орнату қажет еді. Әйтпесе көлік апаттары жалғаса береді. Жүргізушілер үнемі бір жерге асығып бара жатқандай, қатты жүреді", - дейді жергілікті тұрғындар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel