RU
Шымкентте анасы мен нағашы атасын өлтірген жас жігітке үкім шықты
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте анасы мен нағашы атасын өлтірген жас жігітке үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте анасы мен нағашы атасын өлтірді деп күдіктелген 24 жастағы жігітке қатысты сот үкімі оқылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: flickr.com

Көрнекі фото: flickr.com

Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 99 бабы, (қасақана кісі өлтіру бабы) бойынша айып тағылған. Сот жас жігітті 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Еске сала кетейік, жұрттың жағасын ұстатқан сұмдық жағдай биылғы сәуір айының үшінші жұлдызында болған еді. Шымкент қаласының Жұманов көшесінде тұратын жалғыз басты ана мен оның әкесі өлі күйінде табылған.

Көршілернің айтуынша, бұл мекенжайға марқұмның көшіп келгеніне жыл да болмапты. Жасы елуге жетпеген марқұм әйел жалғыз перзентін бір өзі өсіріп келген. Белгілісі марқұм әйел және оның ұлы қорқор және темекі өнімдерін сатумен айналысқан.

"Қанды оқиғаға сотталушы жігіт пен оның нағашы атасының арасында туындаған кикілжің себеп болған. Жай ғана желкесінен қойып қалған атасының шапалағын көтере алмаған жігіт атасына жиырмадан астам пышақ салған. Ажыратпақ болған анасына да жас жігіт 16 жерінен пышақ сұққан", - деп мәлімдеді судья Әбинұр Қарабаев.

Туғандарын өлтірген соң 24 жастағы жігіт әрі қарай компьютерлік құмар ойындарына кеткен. Оқиға түнгі 4-тер шамасында болған. Жақындарының арасындағы қанды оқиғаға басты себеп сотталушы құмар ойындарының құрығына түсіп, қомақты қаржы қарызданып қалған.

Нағашы атасы жиен немересіне қарызын өтеу үшін 320 мың теңге берген. Сотталушы қарызын өтеудің орнына ол ақшаны да құмар ойындарына жұмсаған. Анасының да сөмкесінен қомақты қаржы ұрлап алғаны анықталған.

Алғашында сотталушы қылмысын жасыру үшін бөгде адамдар шабуыл жасады деп мәлімдеп өз өзін жарақаттап та тастаған.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы қатаң режимді түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel