RU
Мемқызметкерлер Астана-Павлодар-Семей тас жолына бөлінген ақшаны қалай жымқырған?
Жаңалықтар Қоғам

Мемқызметкерлер Астана-Павлодар-Семей тас жолына бөлінген ақшаны қалай жымқырған?

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің жол-көлік саласындағы лауазымды қызметкерлердің пара алу дерегімен ұсталғанын хабарлайды. Мемлекеттік қызметкерлер Астана-Павлодар-Семей тас жолын жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны қалталарына басып, жалған құжаттарға қол қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: avtovzglyad.ru

Көрнекі фото: avtovzglyad.ru

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Павлодар облысындағы ҚазАвтоЖол филиалының басшысы мен оның орынбасарын құрықтаған.

Олар пара алды деп күдіктелуде. Қызметкерлер Астана-Павлодар-Семей тас жолындағы жөндеу жұмыстарының қаншалықты орындалғанын "тексермей-ақ", құжатқа қол қоя берген. Айта кетейік, аталмыш жұмыстарға қаржы мемлекеттен бөлінген.

Ұқсас қылмыспен қолға түскен Көлік жолдары комитетінің "Павлодар жол лаборатория" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы жалған актілерге қол қою үшін бірнеше рет пара алған деп күдіктелуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel