RU
Жаңаөзенде көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, үшеуін мерт қылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жаңаөзенде көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, үшеуін мерт қылды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда жоғары жылдамдықпен келе жатқан жол талғамайтын көлік қарсы беттегі автомобильмен соқтығыспас үшін рөлін адамдар тұрған аялдамаға қарай бұрып жіберген. Нәтижесінде үш адам қаза тауып, жеті тұрғын түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті деп хабарлайды «Лада».

Оқиға орнынан түсірілген кадр: lada.kz

Оқиға орнынан түсірілген кадр: lada.kz

Қайғылы оқиғаның мән-жайын куәгерлер айтып берді. Жәбірленушілер таңғы 8 шамасында "Мерей" шағын ауыданындағы аялдамада қызметтік автобусты күтіп тұрған.

Сол сәтте жеңіл көлікпен соқтығысудан қашқан Toyota Land Cruser автокөлігі бір топ адамды қағып кетеді.

Екі азамат оқиға орнында мерт болады. Тағы бірі жедел жәрдем көлігінде көз жұмыпты.

Түрлі дене жарақаттарымен жеті адам ауруханаға жеткізілген. Олардың бесеуіне сүйектері сынған деген диагноз қойылған.

Жәбірленушілердің бірі өте ауыр халде дейді дәрігерлер.

Тағы бір азаматты медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
10
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel