RU
52 адам өртенген автобус ісі: Қорғаушылар айыпталушылардың кінәсіз екенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

52 адам өртенген автобус ісі: Қорғаушылар айыпталушылардың кінәсіз екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Сот отырысында қорғаушылар Ақтөбе облысындағы автобуста тірідей жанып кеткен 52 адамның өліміне айыпталушылардың еш қатысы жоғын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: bandp.ru

Көрнекі фото: bandp.ru

Ақтөбе облысындағы мамандандырылған сотта 52 Өзбекстан азаматының өліміне қатысты бес қазақстандық жауапқа тартылуда. Ол - автобусты жалға алған фирманың құрылтайшысы, механик пен үш жүргізуші. Прокурорлар оларды жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр.

Автобус жүргізушілерін көлікті қолдану ережесін бұзғаны үшін және өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін айыптауда.

ЖШС механигі жарамсыз автобусты шығарғаны үшін, ал құрылтайшы өз міндетін тиісті түрде орындамау, жарамсыз техниканы қолдану, ресми құжатты қолдан жасау баптары бойынша жауапқа тартылуда.

Алайда айыпталушылардың қорғаушылары оларды ақтап алу керек дегенді айтады. Себебі жоғарыда көрсетілген кінәлардың ешқайсысы автобустың өртенуіне себеп болмаған деп санайды.

"Менің қорғауымдағы Мақсат Пернебеков жолда телефонмен сөйлескенін және рөлге басқа адамды отырғызғанын мойындайды. Алайда бұл үшін қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Адамның жасаған іс-әрекеті мен оқиғаның салдары арасында бір байланыс болуы керек қой. Өртке себеп болған дәнекерлейтін лампа. Оны Пернебеков ұйықтап жатқан кезде біреу салонға алып кірген. Ол өрт кезінде оянып, ғажайыптың күшімен аман қалды", - дейді қорғаушы Хайрулла Әлимағамбетов.

Ақтөбе облысындағы тас жолдың бойында автобус бес сағат бойы тоқтап тұрған. Жолаушылар тоңып қалғанымен, дәнекерлеуші лампаны жылыну үшін кімнің алып кіргені белгісіз.

"Автобуста өрт сөндіргіш, балға болмады дегенді айтады. Мұның барлығы - құрғақ дәлелсіз айыптау. Сіздер автобустың халықаралық тас жолмен жүргенін білесіздер. Оларды Ресейде қатаң түрде тексереді. Бұл - оқиға орны жіті тексерілмеді дегенді білдіреді. Енді келіп қараңғы жерден қара мысықты іздейді", - дейді қорғаушы Егемқұл Жүнісов.

Айта кетейік, 5 қараша күні өтетін соңғы сот отырысында айыпталушылар соңғы сөздерін айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel