RU
"Барахолка" маңындағы алапат өрт құны миллион теңгенің тауарын жалмаған
Жаңалықтар Қоғам

"Барахолка" маңындағы алапат өрт құны миллион теңгенің тауарын жалмаған

Рассказать Вконтакте

Алматының "Барахолка" маңындағы болған алапат өрт миллион теңгенің тауарын жалмауы мүмкін. Кәсіпкердің бірі өртенген қоймада құны 70 млн теңге болатын ыдыстарды сақтағанын ашына айтты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Төтенше жағдай түсте орын алған. Түтіннің шыққанын алдымен жүк тасушылар байқаған екен. Жұмысшылар өртті өздері сөндіруге әрекет етіп көрген. Алайда нәтиже болмаған соң, өрт сөндірушілерді шақырған.

Куәгерлердің өзі өрттің неден басталғанын білмей дал болып отыр. Бірақ, қызыл жалын бірден қойма ішін жалмап үлгерген.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минутта жеткенімен қызыл жалынды 21 өрт сөндіретін көлік тек кешкі 18:00-ге таман өшіре алған.

Айта кетейік, төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Адамдар өрт сөндірушілер келгенше, қоймалардан шығып үлгерген.

Қазіргі уақытта шығын саны есептеліп жатыр. Оның есебеін кім қайтарды ол жағы да әлі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше "Барахолка" базарындағы қоймалардың бірінен өрт шыққаны жайлы хабарлаған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel