RU

Атырауда екі қайық соқтығысып бір адам қаза тапты (фото)

Атыраудың Еркінқала ауылы маңындағы Жайық өзенінде қатты жылдамдықпен екі қайық соқтығысып, бір адам көз жұмған деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Фото: Ақжайық басылымы
Фото: Ақжайық басылымы: UGC

Оқыс оқиға 31 қазанда түнгі уақытта болған.

Басылым мәліметінше, 19 жастағы балықшы оқиға орнында алған жарақаты салдарынан көз жұмған.

Фото: Ақжайық басылымы
Фото: Ақжайық басылымы: UGC

Ал қалған үш жолаушы жеңіл жарақат алған.

Айта кетейік, құқық қорғау орындары аталмыш іске қатысты пікір білдірмеген.

Фото: Ақжайық басылымы
Фото: Ақжайық басылымы: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761350-atyrauda-eki-kajyk-soktygysyp-bir-adam-kaza-tapty-foto.html