Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам етін жейтін халықтар туралы не білеміз?

Опубликовано:

Бүгінгі күні жаһандану көптеген елдердің өзіне ғана тән ерекшеліктерін түбегейлі жойып отыр. Бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрыптар "хэллоуин" сынды мерекелермен алмасуда. Бұл көбіне дамушы мемлекеттерге қатысты жағдай. Алайда, көшпен бірге дамуды жөн көрмейтін және адам сенгісіз салт-дәстүрі бар халықтар да кездеседі деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Cosmopolitan
Фото: Cosmopolitan: UGC

Бразилия, вари тайпасы.

Фото: Cosmopolitan
Фото: Cosmopolitan: UGC

Вари тайпасы Амазония ормандарын мекен етеді. Бүгінде олардың саны екі мың ғана. Оңтүстік америкалық тайпалардың ішінде өркениетті әлемге ең соңғы болып қадам басқан осы - варилықтар болды. Бұл жайт 1960 жылдары болды. Дәл осы кезде күллі әлем олардың адам сенгісіз салты туралы білді.

Фото: Cosmopolitan
Фото: Cosmopolitan: UGC

Варилықтар адам қайтыс болған соң оның денесін барлық туысқандары жиналғанша, күзетіп тұрады. Бұл әдетте, үш күн уақытты алады. Марқұмның барлық жақындары жиылғанда оның денесін өртеп, артынан жеуге кіріседі. Бұл үрдіске қайтыс болған адамның жақын туысқандары қатыспайды. Олар марқұмның денесімен өзгелер азықтанып болғанша қарап отырады. Сонымен қатар марқұмның бар жиған мүлкін де өртеп тастайды.

Бұлайша варилықтар адам өлімінен кейін, ол туралы естеліктерді де жоюға тырысады. Олар үшін марқұмды жерге көму нағыз ақылға қонымсыз нәрсе болып табылады.

Варанаси, Үндістан.

Фото: Cosmopolitan
Фото: Cosmopolitan: UGC

Варанаси үндістер үшін аса қасиетті қалалардың бірі болып табылады. Индуизмді ұстанатындар өлімді жаңа өмірдің бастауы деп түсінеді. Варанаси өзінің Агхори атты діни сектасы арқылы танымал болды. Бұл бірлестік құрамындағылар өз өмірін ұзартып, барлық қайғы-қасіреттерден аман қалу үшін адам өлігін пайдаланды. Олар Ганга жағалауында өлі адамның денесін өртеп, өз салт-дәстүрін іске асырады.

Фото: Cosmopolitan
Фото: Cosmopolitan: UGC

Агхориді көпшілік арасынан танып-білу оп-оңай. Олар келбетін ақ түске бояп, адам сүйектерінен жасалынған бұйымдарды тағып алып жүреді.

Фото: Cosmopolitan
Фото: Cosmopolitan: UGC

Караваи тайпасы, Жаңа Гвинея.

Фото: Cosmopolitan
Фото: Cosmopolitan: UGC

Жаңа Гвинеядағы Папуада адам жегіштер өте көп. Азық-түлік тапшылығынан адамдар жиі өз таныстарының етін жеуге мәжбүр. Алайда, соңғы кездері бұл мекенді жайлаған эпидемия арқасында каннибализм деңгейі төмендеп кетті. Бірақ бұл жайт караваи тайпасына қатысты емес. Олар үшін қайтыс болған адамның етін жеу - кек алу деп есептеледі.

Фото: Cosmopolitan
Фото: Cosmopolitan: UGC
"Караваи үшін жоғарыдан құлап, немесе оқыс оқиғада көз жұмған адамның өлімі түсінікті. Алайда, ауырудан қайтыс боған жан олар үшін нағыз жұмбақ. Сол себепті, караваилықтар ауырдан өлген адамның етін жемейді" , - дейді австарлиялық зерттеуші Поль Рафаэль.

Фиджидегі адам жегіштер.

Фото: Cosmopolitan
Фото: Cosmopolitan: UGC

Жоғарыда аталып өткен адам жегіштер тұрғындарды етін жеу үшін өлтірмейді. Олар тек, белігілі бір жағдайда қайтыс болған адамның етін қолданады. Алайда, Фиджи аралындағы тайпа үшін бұл түсінік мүлде басқаша.

Олар үшін керісінше, қарны ашқан кезде тірі жанды өлтіріп оны қорек ету қалыпты жағдай айналып кеткен.

Фиджи аралына аяқ басқан туристердің оларға жем болғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1761351-adam-etin-zejtin-halyktar-turaly-ne-bilemiz/

pixel