RU

Шашқа арналған лактың кесірінен тұрғынның пәтері жарылып кетті

Ресейдің Ленинград облысының Кириши қаласында көп қабатты үйде жарылыс болып, пәтер терезелері сынған. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

asn24.ru
Көрнекі фото: asn24.ru: UGC

Оқыс оқиға Плавнец бульварындағы бес қабатты тұрғын үйде орын алған.

Оқиға орнына жеткен құқық қорғаушылар жарылғыш заттар таппаған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жарылысқа пәтер иесінің шашқа арналған лагы себеп болған.

Косметикалық зат құтысының неліктен жарылғаны анықталуда.

Оқиға кезінде пәтерде жалға алушы болған. Ер адам жапа шекпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761359-saska-arnalgan-lakty-kesirinen-trgynny-pteri-zarylyp-ketti.html