Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аралдан шыққан емші бала Ерболсын "Күз ханзадасы" атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Емші бала Ерболсын өзі оқитын колледждегі мерекелік шараға қатысып, "күз ханзадасы" атанды. Науқастарды түрлі дертінен айықтырған "Үкілі бала" бұл жайында өзінің Instagram парақшасында хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Ерболсын Серікбаев. Фото: Емшінің желідегі парақшасынан алынды
Ерболсын Серікбаев. Фото: Емшінің желідегі парақшасынан алынды: UGC

Ақтөбедегі Бәйішев атындағы колледжде медицина саласы бойынша білім алып жатқан емші бала байқауда үнді биін билеп, әннен шашу шашқан.

Айта кетейік, осыған дейін Ерболсын өзінің өмірінде айтарлықтай өзгерістер орын алғанын мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ "Үкілі" бала жиналған көпшіліктің ортасынан науқас баланы бірден танып, өзіне шақырған.

Ал түркістандық науқастың туысы бауырының емші балаға қаралған соң үш айдан кейін көз жұмғанын айтқан еді. Оның сөзінше, ішектің қатерлі ісігіне шалдыққан ер адам, "Үкілі" баладан кейін жазылдым деп емін жалғастырмай қойған. Алайда марқұмның берілген дәрі-дәрмекті ішпегеннен ауруы асқынып кетіп, қайтыс болғаны айтылған.

Өз кезегінде Ерболсын Серікбаев өзін "алаяқ" деп айыптағандарға жауап қайтарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761364-araldan-sykkan-emsi-bala-erbolsyn-kz-hanzadasy-atandy-foto-video/

pixel