RU
Түркістан облысындағы киелі кесененің тылсым күштері туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысындағы киелі кесененің тылсым күштері туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан Қарабура кесенесінің тарихы тереңнен бастау алады. Шырақшының айтуынша, Хасан хан атанған әулие Қожа Ахмет Яссауидің замандасы болып, оның жаназасын да шығарған екен. Бүгінде қасиетті орынға айналған Қарабура кесенесіне келушілер көп. Шетелдіктердің қызығушылығын тудырған киелі орын тылсым күштерімен танымал. Бұл туралы zynqala.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Фото: zynqala.kz

Фото: zynqala.kz

Шырақшының айтуынша, Қарабура әулиенің кесенесіне Қазақстаннан бөлек Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден, тіпті, Германия мен Венгриядан келушілер көп екен. 1997 жылы жаңартылған қасиетті орында жұрт дертінен айығуға, сәби сүюге ниет етеді.

Сейфолла Өмірбеков жұртты сырқатынан емдейтін кесенеде адам таң қаларлық оқиғалар көп болатынын айтады. Шырақшы осы уақытқа дейін болған бір-екі жағдайды да баяндап берді.

Фото: zynqala.kz

Фото: zynqala.kz

Солардың бірі қазіргі зиярат бұрынғы күзетшсінің басынан өткен. Киелі орынға ниет етіп келген адамдардың бірі қабір басына ақ мата жауып кетіпті. Пендешілікке салынған күзетші бұл сыйлықты үйіне алып кеткен көрінеді.

Фото: zynqala.kz

Фото: zynqala.kz

Алайда үйіне барып, шырқ ұйқыға кеткен азамат "бастырылып", есіктен түйе кіріп келгенін байқапты. Осы кезде екі өркешті жануар азаматты қылқындырып, "Осы әрекетің үшін Алла алдында жауап беретін боласың", - деп айтқан екен.

Келесі күні шошынған күзетші ақ матаға тағы біреуін қосып әкеліп, енді ештеңе алмайтынын айтыпты. Тіпті, ол бұл оқиғадан кейін құран оқытып, құрбан шалған көрінеді.

Фото: zynqala.kz

Фото: zynqala.kz

Өмірбеков кесенеге келген бір затты да үйге алып кетпейтінін жеткізді.

"Зиярат етушілер жәшікке не кесене ішіндегі талдың астына ақша тастап кетеді. Тіпті кейде біз құран оқысақ, қолымызға ақша ұстатады. Бірақ оны өз қалтамызға салмаймыз. Неге дейсіз ғой? Егер алатын болсақ, өзім не балаларым ауырып шығады", - дейді ол.

Халықтың дерті мен оның еміне байланысты тылсым оқиға Жезқазған тұрғындары келгенде орын алған. Ол уақытта бір топ адам арасында бес-алты жыл бұрын бүкір болып қалған азамат пен қостанайлық емші болған екен.

Фото: zynqala.kz

Фото: zynqala.kz

Алыстан ат терлетіп келген ниет етушілер кесене маңындағы үйге жайғасыпты. Бір кезде емші әйел жағылып тұрған пештегі отты кесеумен алып, тілін тигізіп, бүкір азаматқа үш рет түкіріп жіберген екен. Содан кейін үйде үш күн түнеген азамат орнынан тұрып кеткен көрінеді.

Фото: zynqala.kz

Фото: zynqala.kz

Шырақшы мұндай ғажайып оқиғалардың өте көп екенін жеткізді. Ол кесенеде барлығын тегін емдейтінін, киелі орында жыл сайын ас берілетінін тілге тиек етті.

Сіздің реакцияңыз
3
3
1
2
4
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel