RU
Ресей тарапы AIBA сайлауында өзбек азаматын қолдайтынын ашық айтты
Жаңалықтар Спорт

Ресей тарапы AIBA сайлауында өзбек азаматын қолдайтынын ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев "Р-Спортқа" берген сұхбатында AIBA президентін сайлауда өзінің ұйымы Гафур Рахимовты қолдайтынын ашық айтты. Бұл туралы vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Умар Кремлев. Фото: sovsport.ru

Умар Кремлев. Фото: sovsport.ru

AIBA президентігіне үміткер ретінде AIBA басшысы қызметін атқарушы өзбек Гафур Рахимов пен 1980 жылғы олимпиаданың күміс жүлдегері Серік Қонақбаев тіркеліп отыр.

Айта кететін жайт, алғашқыда AIBA Қонақбаевтың кандидатурасын тіркемей қойған. Қонақбаев спорттық апелляциялық сотқа шағым түсіріп, сот шешімі бойынша үміткер атануға рұқсат алған болатын.

AIBA президентінің сайлауы қарашаның екісі мен үші аралығында Мәскеуде өтеді. Кремлев бұл сайлауда атқарушы комитет сайлауына қатыспақшы.

"Сот арқылы екінші үміткердің рұқсат алғанын халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері жақсы қабылдайды деп ойлаймын. Біз өз тарапымыздан Рахимовты қолдаймыз. Ұлттық федерацияның 90 пайызы да солай істейді. Біздің мақсатымыз, барлық комиссияларда біздің мүддемізді қорғайтын Ресей өкілдері болуын қамтамасыз ету", - деп мәлімдеді Кремлев.

Еске сала кетейік, қыркүйекте Халықаралық олимпиада комитеті Рахимовтің AIBA президенттігіне сайлауға қатысуынан, бокстың Олимпиада-2020 бағдарламасынан шеттеліп қалу мүмкіндігі арта түскенін хабарлаған болатын.

Бұған ақпан айында АҚШ-тың қаржы министрлігінің бұрынғы кеңес одағының трансұлттық қылмыстық топқа қарсы енгізген санкциялары себеп болған. Олардың тізімінде Рахимовтың да есімі бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel