RU
Түркіменстан президенті шенеуніктер алдында мақтанып, алтын зілтемір көтерді (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Түркіменстан президенті шенеуніктер алдында мақтанып, алтын зілтемір көтерді (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркіменстан приезиденті Гурбангулы Бердымұхамедов министрлер отырысында өзінің зілтемір көтеру шеберлігін паш етті. Шенеуніктер алдында күшін көрсетпек болған мемлекет басшысының видеосы Azattyk-тың YouTube каналында жарияланған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

"Бүгінгі Түркіменстан" ақпарат агенттігінің мәліметінше, үкімет отырысында ауыр атлетикадан өткелі жатқан әлем чемпионаты талқыланған. Жиын барысында мемлекет басшысына турнирдің ашылу салтанатына арнайы шақырту табысталды. Оған қоса, шенеуніктер Бердымұхамедовке алтын зілтемір сыйлаған.

Президент өз кезегінде жиынға қатысқан министрлер алдында өзінің спорттық шеберлігін паш етті. Ол сыйға берілген зілтемірді көтеріп, қайта орнына қойған.

Түркіменстан көшбасшысына тәнті болғандар оған қошеметін жаудырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
30
0
8
5
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel