RU
Сахнадан көрінбей кеткен Нұрлан Өнербаевтың ізін өнерлі ұлы жалғастыруда (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сахнадан көрінбей кеткен Нұрлан Өнербаевтың ізін өнерлі ұлы жалғастыруда (фото)

Рассказать Вконтакте

Өзінің қоңыр дауысымен тыңдармандарының жүрегін жаулаған Нұрлан Өнербаевтың сахнадан көрінбей кеткеніне де біраз уақыт болды. Енді әке жолын қуған әншінің кенже ұлы Марғұлан Нұрлан өнер әлеміне қадам басты деп хабарлайды juldyz.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрлан Өнербаев, Марғұлан Нұрлан. Фото:Juldizdar.kz, juldyz.kz

Нұрлан Өнербаев, Марғұлан Нұрлан. Фото:Juldizdar.kz, juldyz.kz

Алты жасынан бастап өнерге бейім болған Марғұлан жақында БАӘ өткен байқауда бас жүлдені иемденіп келген.

Арнайы музыкалық білім алып, пианинода шебер ойнайтын әншінің ұлы сахнаға шығуға жүрексінетінін де жасырмады.

"Кішкентайымнан сахнада жүрсем де, аздап қобалжимын. Оның үстіне көпшілік маған қарап, әкемді сынайды. Ойланбай сөйлеген сөзім болса, ол әкемнің абыройына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан телевизиялық бағдарламаларға шығуға әлі ерте", - деген өнерпаз өзін көпшіліктің "әншінің ұлы" деп қана танығанын қаламайды.

"Бүгінде көпшілік мені "Нұрлан Өнербаевтың ұлы" деп таниды. Кейін олардың "Өнербаев осы кісінің әкесі екен ғой" деп айтқандарын қалаймын", - деп ағынан жарылды жас жігіт.

Айта кетейік, қазақ эстрадасындағы әншілердің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
1
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel