RU
Қостанайлық азамат қарызға арақ бермеген сатушыларды пышақтап тастаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайлық азамат қарызға арақ бермеген сатушыларды пышақтап тастаған

Рассказать Вконтакте

Қарасу ауданы Октябрьск ауылының тұрғыны Талғат Алатаев екі зейнеткерді өлтіргені үшін 23 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

Прокурор 42 жастағы айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алатаев болса адам өлтірмегенін, полицейлер күштеуімен ғана қылмысты мойнына алғанын айтып ақталды.

Алайда сараптамалар нәтижесінде Алатаевтың аяқ киіміндегі қан марқұмдардан жұғып қалғаны анықталған.

Қанды қылмыс осы жылдың 26 наурыз түні орын алған. Айыпталушы ішкілікке салынып кеткен соң, азаматтық некедегі әйелі оны үйінен қуып шыққан. Алатаев досының үйін уақытша паналап жүреді.

Құрдасының үйінде түнгі уақытта барлығы бірге спирттік ішімдік ішіп отырған. Ол таусылып қалған соң жақын жердегі дүкенге барып, арақты қарызға алмақ болады.

Алайда дүкен иесі оған ішімдікті сатпайтынын айтқан соң, жанындағы жолдасы түнгі уақытта спирттік сусын алуға болатын зейнеткердің үйін көрсетеді.

Осыдан кейін Алатаев бірден Клименконың үйне келеді. Онда есікті қарт әйел ашып, тауарды қарызға бермейтінін айтады. Ашуға мінген азамат оған пышақты бірнеше рет сұғып алып, әрмен қарай жатын бөлмеге аяқ басады. Ол 77 жастағы үй иесін өз төсегінде мерт қылады.

Үй ішіндегілерді жайратып салған соң Алатаев кіреберісте тұрған ішімдіктерді ішіп, таңертең оның бос бөтелкесін сатып үлгеріпті.

Енді қылмыскер түрмеде жазасын өтеп қана қоймай, қос зейнеткердің қызына үш миллион теңге моральдық шығын және сараптама жасағаны үшін мемлекетке 787 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
6
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel