RU
Неймар екі аяғы жоқ қазақ баласымен түскен суретін жариялады (фото)
Жаңалықтар Спорт

Неймар екі аяғы жоқ қазақ баласымен түскен суретін жариялады (фото)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі футболшы Неймар өзінің Instagram парақшасына екі аяғы жоқ қазақ баласымен түскен суретін жариялады. "ПСЖ" ойыншысы балақаймен бірге алаңда футбол ойнап, оның асыл арманын орындаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Бразилиялық шабуылшы Неймар жүктеген суретінің астына мынадай жазба қалдырған.

"Ештенеге қарамастан өмірді жақсы көре біл. Ғажайыптар мен армандар орындалады. Тек оған сену керек" , - деп жазды футболшы.

Неймардың желіге салған суретінде қазақстандық балақай және Тияго Сильвамен көк шөпте отыр. Ең қызығы, ойыншы жасөспірімнің есімінен қателессе керек, ол Әлидің орнына оны Азамат деп жазып қойған.

Айта кетейік, астаналық Әли Тұрғанбеков әлем жұлдыздарымен кездесіп, өз аңсаған арманына қол жеткізгенін жазған болатынбыз. Балақайдың өздерімен кездескісі келетінін естіген жұлдызды футболшылар, бірден келісімін берген. Неймар, Кавани мен Мбаппе секілді футбол жұлдыздары қазақ баласын құшақ жая қарсы алған.

Ал балақайдың ата-анасы танымал футболшының қарапайымдылығына тәнті болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
31
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel