RU
Алматыда өтетін "Жыл таңдауы" жобасына Оceana мен Dan Balan қатысады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алматыда өтетін "Жыл таңдауы" жобасына Оceana мен Dan Balan қатысады (фото)

Рассказать Вконтакте

Жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін "Жыл таңдауы" жобасын былтырғы жылы түріктің танымал әртісі Юсуф Чим жүргізген болатын. Ал биылғы жылғы жобаның гала концерті несімен ерекшеленбек? Бұл жайында жобаның ұйымдастырушысы Жан Мұқанов NUR.KZ порталының тілшісіне айтып берді.

Жыл таңдауы-2017. Фото: NUR.KZ

Жыл таңдауы-2017. Фото: NUR.KZ

Биылғы "Жыл таңдауының" гала концерті 13 мың адам сиятын "Алматы Аренада" 1 желтоқсан күні өтеді.

Былтырғы жылы кеш тізгініне 11 жүргізуші ие болса, биыл олардың саны біреуге азайған. Яғни биыл тыңдарман мен сахнаны байланыстыратын жүргізушілер: Арман Қоңыр мен Аша Матай, Дана мен Мейіржан, Тәуекел Мүсілім мен Жахан Отарғалиев, Ләйлә Сұлтанқызы мен Әміре, Айгүл Мүкей мен Нұрсұлтан Құрман болмақ.

-Былтырғы жылғы олқылықтардың орнын биыл толтырасыздар ма? Алуа Қонарова жобаның әділетсіз өткенін айтса, Айқынның басына жүлде құлай жаздаған болатын...

-Кез келген жобада кемшіліктер болады. Әрі адамның қателеспеуі мүмкін емес. Биылғы жылы да қиындықтар бар. Бірақ өткен жылғы олқылықтарды қайталамауға тырысамыз. Былтырғы жылы Алуа Қонарова "Рингоның" жүлде алмағанына ренжіген болатын. Ол өзіне пайда алып келетін дүниелерді жақсы көреді. Сондықтан Қонарованың жеке пікіріне ренжімеймін.

- Қара тізімге енген жұлдыздар бар ма?

- Иә, бар. Олардың көбі жас әншілер. Дауысты ережеге сай жолмен жинамаған әншілерді hitparad.kz-тегі тізімнен шығарып тастадық.

Фото:www.muz1.tv,commons.wikimedia.org

Фото:www.muz1.tv,commons.wikimedia.org

- Өздеріне ерекше жағдайды талап ететін (мінезі ауыр) әншілер бар ма?

- Қазақстандық әншілердің арасында мұндайлар жоқ. Ондайларын біз биылғы жобаға алмадық. Шетелден келетін Ofra Haza, германиялық Оceana, Dan Balan өте тәрбиелі тұлғалар. Биылғы жылы мінезі ауыр әншілердің болмайтынына сенімдімін.

- Бұл жобаға Төреғали Төреәлі қатыса ма?

- Төреғали Төреәлі биылғы жылғы жобаға өз әнін ұсынбады. Сондықтан ол біздің тізімде жоқ. Қатыспайды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі әншілердің су жаңа туындыларын біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel