RU
Мәйітханаға барған бойжеткен марқұм інісінің көзін таппай қалған
Жаңалықтар Әлемде

Мәйітханаға барған бойжеткен марқұм інісінің көзін таппай қалған

Рассказать Вконтакте

Кытайдың Нинсян қаласында адам ағзасын саудалаумен айналысатын қылмыстық топ қолға түсті деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мэнди Ченг/Getty Images

Фото: Мэнди Ченг/Getty Images

Қылмыстық топ Хунань провинциясындағы Нинсян қалалық ауруханада қайтыс болған ер адамның көзін ұрлады деп күдіктелуде.

Марқұмның денесін мәйітханада көрген әпкесі оның көздері жоқ екенін байқаған.

Мәйіттің бір көз шарасында мақта тығылған болса, екіншісінен қылмыскерлер жантүршігерлік әрекетін жүзеге асырған хирургиялық құрал анықталған.

Келесі күні полиция төрт күдіктіні тұтқындаған. Олардың арасында мәйітхана қызметкерлері де бар екен. Күдіктілердің үшеуі көздерді ұрлағаннан кейін Нинсяннан 240 шақырым қашықтықта орналасқан Шаоян қаласына кетіп қалған.

Тергеушілер олар адам ағзаларын саудалау мақсатында келісім жасасқан деп болжап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel