RU
Қызылордада қоғамдық көлік қызметін жақсарту үшін тағы бір ауқымды бастама қолға алынуда
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада қоғамдық көлік қызметін жақсарту үшін тағы бір ауқымды бастама қолға алынуда

Рассказать Вконтакте

Соңғы жылдары, Қызылорда қаласында қоғамдық көлік қатынасын жақсарту ушин тагы бір аукымды жобалар қолға алынған.

Осындай жобалардың бірі, қаладағы көлік қатынасының сапасын арттыру үшін қала орталығынан жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын, жаңа үлгідегі «Қызылорда Автобус Паркі» пайдалануға берілді.

Бұл парктің ерекшелігі қоғамдық көліктердің техникалық жағдайын бақылаудан бастап, көлік жүргізушілері мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға қажетті барлық материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Бұған дейін, қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және сапалы қызмет ұсыну мақсатында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не 112-і заманауи жаңа автобустар алынған болатын.

Сонымен қатар, кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердің орнына орта және жоғары сыйымдылықтағы автобустармен ауыстыру бағытында қосымша 10 автобус алынды.

Осы саладағы жағымды жаңалықтардың бірі «Ақылды қала» жобасы аясында, қоғамдық көліктерде арнайы орнатылған мобильді қосымшалар арқылы (OyBy және SENIM smart) электронды төлем жүйесімен, смартфондардың көмегімен жол ақысын төлеу мүмкіндігі жасалды.

Дегенмен, қалаішілік 25 бағытта және қала маңына қатынайтын 7 бағытта барлығы 700-ден астам автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетсе, олардың ішінде жолаушы тасымалының 75 пайызын жеке кәсіпкерлер қамтиды.

Қазіргі таңда, Қызылорда қаласы әкімдігі қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру үшін бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударуда.

Осы мақсатта, «Қалаішілік және қала аумағына қатынайтын маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізу туралы» хабарландыруды республика көлемінде жариялап отыр.

Хабарландырудың толық мәтінімен төменде танысуға болады.

Қалаішілік және қала аумағына қатынайтын маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізу туралы.

Хабарландыру

1. Қызылорда қаласы әкімдігі 2018 жылғы 7 желтоқсан айында, Жахаев көшесі №16 мекен-жайда орналасқан, қала әкімдігінің мәжіліс залында жолаушылардың және багаждың қалалық, қала маңындағы елді мекендерді жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.

2. Конкурсқа төмендегідей маршруттардың пакеттері шығарылады:

Қызылордада қоғамдық көлік қызметін жақсарту үшін тағы бір ауқымды жоба қолға алынды

3. Конкурсқа меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленуші, бір немесе екі маршруттың құрамын І-класты жаңа автобустармен толықтыру қабілеті бар, меншік нысанына қарамастан кез келген заңды немесе жеке тұлғалар қатысуға құқылы.

4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Қызылорда қаласы әкімдігі Қызылорда қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі №16, №104 кабинетке өткізу тиіс.

5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және оның басталуына дейін 10 (он) жұмыс күн ерте аяқталады, Конкурсқа қатысушыларды тіркеудің соңғы мерзімі: хабарландыру жариялаған мерзімнен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде.

6. 2018 жылдың 6 қараша айында конкурстық Комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөніндегі конкурс алдындағы конференцияны қала әкімдігінің мәжіліс залында өткізеді.

7. Анықтама алу үшін 8 (7242) 264311, 264229 телефон нөмірлеріне және gordoroga@mail.ru gokhadpt@korda.gov.kz электронды почта арқылы хабарласуға болады.

Сіздің реакцияңыз
3
2
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel