RU

Алматы полициясы қылмыскерлердің видео топтамасын жариялады

Алматы полициясы алаяқтардың суреттерінен құралған фото және видео топтама жариялады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Алматы Полиция департаменті
Фото: Видеодан кадр/ Алматы Полиция департаменті: UGC

Полиция департаменті қылмыскерді жылдам табу үшін алаяқтардың суреттерінен құралған фото және видео топтаманы көрсетті.

Бұл жинаққа бейнебақылау камераларындағы кадрлар ілінген.

Құқық қорғау органдары қылмыскерлерді табуға қоғамның да көмегі тиеді деп үміттеніп отыр.

"Егер кімде-кім фото және видео топтамадағы тұлғаларды таныса, бірден төмендегі нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-747-255-93-64 және 8-747-255-93-73",- деп жазылған Полиция департаментінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761410-almaty-policiasy-kylmyskerlerdi-video-toptamasyn-zarialady.html