Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ет, ірімшік және қанттың бағасы шарықтай түсті

Опубликовано:

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі азық-түлік бағасының қалай өзгергені туралы мәлімет берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнеі фото: Delo.ua
Көрнеі фото: Delo.ua: UGC

Ұлттық экономика министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, 1 қарашада азық-түлік бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға, басқа тауарлар 5,1 пайызға және қызмет көрсету құны 3,5 пайызға қымбаттаған.

Ағымдағы жылдың басынан бағасы айтарлықтай өскен тауар түрі қант екен. Оның бағасы 21 пайыз өсіпті.

Ірімшік бағасы 10,6 пайыз, консервіленген сүт -9,4 пайыз, жылқы еті - 8,5 пайыз, сары май - 7,4 пайыз, ашытқан сүт өнімдері - 6,2 пайыз, шошқа еті мен шұжық - 5,8 пайыз, сиыр еті - 5,3 пайыз және қой еті - 5,1 пайыз шарықтыған.

Ал сарымсақ бағасы 37,2 пайызға, тәтті бұрыш 36,1 пайызға арзандай түскен.

Көлік мен құрылыс заттарының бағасы 6,3 пайыз, дизельдік отын 20 пайыз көтерілген. Бензин бағасы керісінше, 2,7 пайыз төмен түскен дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1761428-elimizde-et-irimsik-zne-kantty-bagasy-saryktaj-tsti/

pixel