RU
Англияда 18 жастағы чемпион өз үйінде тірідей өртеніп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Англияда 18 жастағы чемпион өз үйінде тірідей өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның жүзуден Еуропа чемпионы Тазмин Пью өз үйінде өртеніп кеткен деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

18 жастағы жүзгіш Тазмин Пью мен оның 21 жастағы жігіті Джош Кирк Вустеширдегі үйлерінде өлі табылған. Көршілерінің қоңырауынан кейін оқиға орнына 30 өрт сөндіруші келген. Алайда, олар жұпты құтқара алмаған.

Полиция бұл іс бойынша тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Тазмин 2015 жылы Самоада өткен жасөспірімдер арасындағы Досдастық ойындарының қола жүлдегері атанған. Сонымен қатар, Пью Ұлыбритания чемпионы еді.

Тазмин Пью 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Ұлыбританияның жасөспірімдер рекордын орнатқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel