RU
Еліміздегі аста-төк тойларға билік тарапынан тыйым салынбақшы
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздегі аста-төк тойларға билік тарапынан тыйым салынбақшы

Рассказать Вконтакте

Қазақстан билігі жастарды енді прагматизм рухында тәрбиелеп, оның ішінде дүркіретіп той өткізу мәселесіне келгенде жауапты жұмыстарды жүзеге асыратын болады деп хабарлайды қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ztb.kz

Фото: ztb.kz

Мекеме қалтасы көтермесе де, несиеге ақша алып, дүркіретіп той жасайтын қазақстандықтардың санасын өзгерту туралы сұраққа жауап берді.

Ресми жауапта отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлайтын қазақ үшін үйлену тойы ұлттық мәдениеттің маңызды түріне айналғаны айтылған.

Сонымен қатар, олар жастарды прагматизм рухында тәрбиелеу, соның ішінде атаулы үйлену тойларын өткізу "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы қоғамдық сананы жаңғырту жұмысының басты мақсаттарының бірі екенін жеткізді.

Қазір көптеген жұбайлар тойды дүркіретіп емес, жай ғана жақындарының арасында өткізуді қалайды. Сондай-ақ, бүгінде ата-аналар да той ұйымдастыруға қарағанда жастарға тұрғын үй алуға қол ұшын созуды дұрыс деп есептейді.

Алайда жоғары сұраныстар мен қазіргі замандағы адамдардың қажеттіліктері үшін неисесіз өмірден бас тарту мүмкін емес, себебі бұл заман тренді. Ал қарыз арқылы тұтынушылық сұраныстарды қанағаттандыру әр азаматтың жеке таңдауы.

Несие алу-бұл әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі және әркім оған жауапкершілікпен қарау керек.

Бұл жағдайда мемлекет өз тарапынан несие ұйымдарының шамадан тыс жоғары пайыздар қоймауына, сондай-ақ, адамдардың жалпы қаржылық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасауға ғана ықпал етуі тиіс.

Мысалы, Жастар жылы аясында белгілі блогерлерді, коучтерді, сарапшыларды, табысты жастар көшбасшылары мен бизнесмендерді тарту арқылы әлеуметтік желілерді (youtube, instagram және т.б.) пайдаланатын "Qarzhylyq SaÝattylyq - жастар 2019" ақпараттық жобасы іске қосылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
9
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel