RU
Ақтөбелік жігіт әйелінен ұрлаған 19 млн теңгесін казиноға тігіп, ұтылып қалған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік жігіт әйелінен ұрлаған 19 млн теңгесін казиноға тігіп, ұтылып қалған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе тұрғыны әйелі істейтін букмекерлік кеңсенің 19 млн теңгесін ұрлап кетіп, Қапшағайдағы казинолардың бірінде ұтылған. Әйел адам қомақты ақша мөлшерін үйіндегі шкафта сақтап келіпті. Бұл туралы aktobetimes сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

stiel.ru

Көрнекі фото:stiel.ru

Ер адам ойынханаға барып, барлық ақшасын ұтылып қалған.

"Не болғанын өзім де түсінбей қалдым. Ол ақшаны ойынханада екі есе етіп ұтамын деп ойлағанмын. Сосын ақшаны орнына қоймақшы болған едім. Басында ұтып отырдым, тек соңғы сәтте бар ақшадан айырылып қалдым", - деді жолы болмаған жігіт.

Ер адам ақшаны ұтқызып алғанын әйелінен бір апта бойы жасырған екен. Ол жұбайын балық аулауға кеттім деп алдаған.

Ақшаның жоғалғанын білген әйел адам жұмыстағы басшысына хабарласып, қомақты қаражатты күйеуі алып кеткенін айтқан.

"Біздің үйге букмекерлік кеңседен жігіттер келді. Мен оларға ай сайын 500 мыңнан беріп отыратынымды айттым. Оларға 1 516 850 теңгелерін қайтардым", - деді ер адам.

Ақшаны қайтару үшін ер адам көлігі мен жеке кәсібін сатып жіберген.

Алайда букмекер кеңселерінің өкілі ер адамды сотқа беріп, оның жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Ер адам қылмыстық кодекстің 175 бабының 3-ші тармағы бойынша (ірі мөлшерде ұрлық жасау) бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Іс бойынша сот үкімі шыққан жоқ.

Айта кететін жайт, ер адам отбасының жалғыз асыраушысы. Үйінде ата-анасы, әйелі және туылмаған баласы соған қарап отыр екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
4
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel