RU
Қытай әнұраны қосылғанда басын қасыған футболшы жазаға тартылды
Жаңалықтар Спорт

Қытай әнұраны қосылғанда басын қасыған футболшы жазаға тартылды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың футбол федерациясы "Шаньдун Лунэн" футбол клубының шабуылдаушысы Диего Тарделлиді ойыннан шеттеті. Ол ұлттық біріншіліктің 27-ші турында әнұран шырқалған сәтте басын қасып тұрғаны үшін жазаланды деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Футболшының бұл әрекетін федерация әдепсіздік деп бағалап, бір ойыннан дисквалификациялау туралы шешімге келген.

Қытайдың суперлига ойындарында Тарделли 24 матчқа қатысыпты. Оның ішінде 17 рет гол соғып, жетеуінде жақсы пас беруімен есте қалған.

Оның командасы турнир тізімінде 27 ойыннан кейін үшінші орынға шықты.

Ал Еуропада Тарделли испаниялық "Бетис", голландиялық "ПСВ" және ресейлік "Анжи" командаларында ойнаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel