Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс Сейдоллаұлы Астанада шығармашылық кешін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Кеше Астанада белгілі композитор, әнші Жеңіс Сейдоллаұлының елорданың 20 жылдығына арналған "Саған әнім" атты авторлық ән кеші өтті. Концертке қазақ эстарадасы өкілдерінің көпшілігі қатысты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: YouTube
Фото: YouTube: UGC

Елордадағы "Қазақстан" концерт залында өткен "Саған әнім" ән кешін тамашалауға келген жандардың қарасы қалың болды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Кешті белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жүргізіп, Мәдина Сәдуақасова, Төреғали Төреәлі, Айқын Төлепберген, Жанболат пен Жазира, Мейрамбек Бесбаев, Мөлдір Әуелбекова, Сәкен Майғазиев сынды белгілі эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сондай-ақ, концертте Роза Рымбаева мен Нағима Есқалиева ұлдары Әли Оқапов пен Диас Абылаевпен бірге ән шырқап, көпті таң қалдырды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Кеш барысында Жеңіс Сейдоллаұлының ұл-қыздары да ән айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Олар сахнада әкелерінің белгілі туындыларын орындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761479-zeis-sejdollaly-astanada-sygarmasylyk-kesin-drkiretip-tkizdi-foto-video/

pixel