RU
"Байқоңырдан ұштық": Төреғали өзін зымыранға теңеп, мақтанды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Байқоңырдан ұштық": Төреғали өзін зымыранға теңеп, мақтанды (видео)

Рассказать Вконтакте

Атышулы Төреғали Төреәлі кеше Астанада өткен Жеңіс Сейдоллаұлының шығармашылық кешінде Қызылорда облысының Байқоңыр өңірінен шыққанын айтып, мақтанды. Үнемі дау-дамайдың арасында жүретін әнші өзін және Жеңіс Сейдоллаұлын "зымыранға" теңеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Gakku.kz

Фото: Gakku.kz

Сахна төріне шыққан Төреғали өзінің Жеңіс Сейдоллаұлымен жерлес екенін, яғни, Байқоңырдан шыққанын атап өтті.

"Жеңіс аға екеуміз Байқоңырдан шыққан зымыранбыз. "Протон" мен "Союздардың" не болып жатқанын өздеріңіз білесіздер", - деп әзілдеді ол.

Сондай-ақ, Төреәлінің баласы кеш соңында ән кешінің иегері Жеңіс Сейдоллаұлымен бірге ән орындады.

Айта кетейік, кеше Астанада белгілі әнші, композитор Жеңіс Сейдоллаұлының ән кеші өтті. Оған көптеген эстрада жұлдыздарымен бірге көптен бері сахнада көрінбей кеткен Рахат Тұрлыханов та қатысты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
3
0
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel