RU
Сұлтанов Астананы жаңбырдан кейін су басу қашан тоқтайтынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Сұлтанов Астананы жаңбырдан кейін су басу қашан тоқтайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Бақыт Сұлтанов Астана тұрғындарының қалада жаңбырдан жиналған сулар қашан азаяды деген сұрағына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: Nur.kz

Коллаж: Nur.kz

dialog.egov.kz сайтында өткен интернет-конференция барысында астаналықтар әкімге алдағы көктемде қаланы тағы су басып қалмайды ма деген алаңдаушылықтарын жеткізген

Сұлтанов аталмыш мәселені шешу үшін қалада бірқатар нөсер канализациялары мен сорғы станцияларының құрылыс жұмыстары қолға алынғанын айтты.

Әкімнің сөзінше, ағымдағы жылдың соңына дейін бірнеше ауданда тазартқыш орнату жұмыстары аяқталады.

Келесі жылы "Нұрлы жол" вокзалының маңында, "Тельман" тұрғын үй кешені, Өндіріс және Үшқоңыр көшелерінің қиылысы мен Құдайбердіұлы көшесінде сорғы станцияларының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

Оған қоса жергілікті әкімдіктер өз ауданындағы канализация құбырларын жүйелі түрде тазартып тұрады деді Сұлтанов.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel