RU

Екі корей мемлекеті Олимпиаданы бірге өткізуді жоспарлап отыр

Корей халық-демократиялық республикасында екі елдің спорт делегациялары кездесу өткізіп, 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын бірлесе өткізуге келісті. Екі елдің көшбасшылары бұл шешімді құптады. Бұл туралы msn.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

media.az
Фото:media.az: UGC

Корей халық демократиялық республикасы мен Оңтүстік Корей мемлекеттері 2032 жылғы жаздық олимпиада ойындарын бірлесе өткізуді жоспарлап отыр.

Екі Корей мемлекеті халықаралық олимпиада комитетіне хат жолдамақшы.

Осыған дейін халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах екі Корей елінде олимпиаданы өткізу идеясын құптайтынын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, Корей халық демократиялық республикасы мен Оңтүстік Корей мемлекеттері гандболдан әлем чемпионатына ортақ құрама команданы жіберуге келісті.

2020 жылғы Олимпиада ойындарында да ортақ корей құрамасы өнер көрсететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761489-eki-korej-memleketi-olimpiadany-birge-tkizudi-zosparlap-otyr.html