RU
Жанар Айжанова жалғыз қызын тұрмысқа бергелі жатыр
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жанар Айжанова жалғыз қызын тұрмысқа бергелі жатыр

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова тұрмыс құрғалы жатыр. Бұл туралы жас актриса Алматы телеарнасындағы "Әңгіме болсын" бағдарламасында берген сұхбатында айтты деп жазады NUR.KZ.

Соңғы уақытта актрисалық қабілетімен танылып жүрген Айжұлдыз Адайбекова өзінің сүйіктісі бар екенін, алайда ол шоу-бизнес әлемінен емес екенін жеткізді.

Ол қыз баланың ертелі-кеш құтты орнына баратынын, ал өзі анасынан ешқандай сырын жасырмайтынын да тілге тиек етті.

Алайда Айжанованың қызы өмірлік серігінің кім екенін әзірге құпия ұстағы келеді екен.

"Ол жайлы кейін біле жатасыздар. Бастысы - ол кісі менің өнерімді түсінеді", - деді ол.

Ал бұл жаңалықты естіген Айгүл Иманбаева Жанар айжановаға тойдан бөлек, құдалыққа шақыруы қажет екенін айтып, қалжыңдады.

"Көрдіңіздер ғой. Менің ұлымнан бұрын Жәкемнің қызын тұрмысқа береміз", - дейді Иманбаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
4
27
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel