RU
Науқасқа көмектесу үшін шлагбаумды сындырған дәрігер көпті тәнті етті
Жаңалықтар Әлемде

Науқасқа көмектесу үшін шлагбаумды сындырған дәрігер көпті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Борис Чернышов Новосибирск қаласында науқасқа асыққанда шлагбаумды сындырған дәрігерді ерлік орденімен марапаттауды ұсынды. Бұл туралы РИА Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

msk.kp.ru

Фото:msk.kp.ru

Парламент мүшесі Новосібір облысының губернаторы Андрей Травниковқа арнайы үндеу жолдады.

"Сізден Валерий Гаврилюкті "Ерлік орденімен" марапаттауға ұсынуды немесе "Новосібір облысының құрметті азаматы" атағын беруді сұраймын. Жедел жәрдем қызметкерлерінің құрамында өз міндетін атқарған Гаврилюк науқас өмірін құтқару үшін тұрғын үй ауласына кіре берісінде орналасқа шлагбаумды бұзып, өзінің кәсіби борышын өтеді", - деп жазды Чернышов.

Айта кетерлігі, жеке жедел жәрдем қызметінің дәрігері тұрғын үйдің ауласына көлікті кіргізу үшін қолымен шлагбаумды көтергені камераларға түсіп, интернетте тараған.

Құрылғының механизміне нұқсан келтіріп, шлагбаумды істен шығарғаны үшін дәрігерге айыппұл салынуға тиіс еді.

"Мұндай жазаны қате деп есептеймін. Валерий Гаврилюк ерлік пен жанкештілік танытты. Науқасқа көмек көрсетуге асыққан ол бір сәт кідіруге болмайтынын білген. Кез келген кідіріс адам өліміне себеп болуы мүмкін еді. Гаврилюктің арқасында науқастың өмірі құтқарылды. Жоғарыда айтылған дәлелдермен келісіп, дәрігерді жақтайтындарыңызға сенімдімін", - деп сөзін қорытындылады Борис Чернышов.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel