RU

Тұман мен көктайғақ: Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы үш күнде, яғни, 3,4 және 5 қараша күндері ауа райы бұлтты болып, жолда көктайғақ күтіледі деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: News-vlad.ru
Көрнекі фото: News-vlad.ru: UGC

Алдағы демалыс күндері еліміздің көп аймақтарында ауа райы бұлтты болып, нөсер жауады. Өңірлерде тұман мен көктайғақ күтіледі.

Метеоорталықтың хабарлауынша, бұл ауа райы қараша айының басына тән.

Астанада бұл демалыс күндері аздаған қар жауып, орташа ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін көрсетеді.

Ал Алматыда сенбі күні ауа райы ашық болса, жексенбі күні бұлтты болады. Бұл уақытта ауа температурасы 3 градус жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761500-tman-men-kktajgak-demalys-knderi-aua-rajy-kandaj-bolady.html