RU
Лауазымды тұлғалар жерленетін Ұлттық пантеонға қанша қаржы жұмсалады?
Жаңалықтар Қоғам

Лауазымды тұлғалар жерленетін Ұлттық пантеонға қанша қаржы жұмсалады?

Рассказать Вконтакте

Бас қала әкімі Бақыт Сұлтанов Ұлттық пантеонның құрылысына қанша қаржы жұмсалатынын мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанадағы пантеон. Фото: nur.kz

Астанадағы пантеон. Фото: nur.kz

Оның айтуынша, аталмыш жобаны іске асыру үшін шамамен 958 миллион теңге бөлінген. Алғашқы кезеңіне 287 миллион теңге жұмсалыпты.

Осы жылы алғашқы кезектегі бірінші реттік іске қосудың құрылыс жұмыстарын аяқтауға 489 миллион теңге бөлу жоспарлануда.

Айта кетейік, аталмыш пантеонға министрлер, президентке тікелей бағыныштылар, облыс және Алматы, Шымкент, Астана қалаларының әкімдері жерленеді.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы мен оның отбасы мүшелері, премьер-министрлер мен олардың орынбасарлары, парламент палатасының төрағалары мен орынбасарлары, мемлекеттік хатшылар, Конституциялық кеңес мүшелері, Жоғарғы сот пен Ұлттық банк төрағасы да құрметті азаматтар тізіміне енеді.

Сондай-ақ, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері", "Алтын Қыран", "Отан", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", "Еңбек Даңқы", "Кеңес Одағының батыры", "Социалистік еңбек ері", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" және Елбасының шешімімен басқа да тұлғалардың мүрдесі дәл осы пантеонға қойылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
38
6
4
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel