RU

20 жыл бұрынғы видеосын көрсеткен Бүркітті тыңдармандары танымай қалды (видео)

Отандық әнші Бүркіт осыдан 20 жыл бұрынғы видеосын көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды деп жазады NUR.KZ.

Бүркіт. Фото: Әншінің желідегі парақшасынан алынды
Бүркіт. Фото: Әншінің желідегі парақшасынан алынды: UGC

Көзіне көзілдірік таққан арық жігіттің Бүркіт екеніне сенбегендер де табылған.

"Мынау расымен сізбе?", "Жасыңыз ұлғайған сайын сымбатты бола бастаған екенсіз ғой", "Қазіргі түріңмен салыстыруға да келмейді", "Шалбарды айтсайшы".

"Не деген стиль мынау", "Біраз күліп алдым", "20 жылда адам танымастай өзгеріп кетіпсіз ғой" деп жазды.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын "Ойбай Life" бағдарламасына сұхбат берген Аиша отбасы жайлы біраз шындықтың бетін ашқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Бүркіттің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761526-20-zyl-bryngy-videosyn-krsetken-brkitti-tydarmandary-tanymaj-kaldy-video.html