RU

Алматыда такси тоқтатпақ болған әйелді көлік қағып кетті

Алматы жантүршігерлік жол апатынан әйел адам қайтыс болды. Жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жүргіншіні қағып кеткен деп жазады КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Газета.Ру
Фото:Газета.Ру: UGC

Жол апаты Алматыдағы ірі көшелердің бірінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік иесі қатты жылдамдықпен жүрген. Бұрылысқа келген сәтте, жүк көлігінің артына соққан.

Нәтижесінде жолдың жиегіне шығып кетіп, көлік тоқтатпақ болған келіншекті қағып кеткен.

Оқыс оқиғадан әйел оқиға орнында қаза тапқан. Ал жүргізушіні ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761529-almatyda-taksi-toktatpak-bolgan-jeldi-klik-kagyp-ketti.html