RU

Жылдам дайындалатын кеспелер балалардың өміріне қауіпті болып шықты

Жылдам дайындалатын кеспелер кішкентай балалардың өміріне қауіпті болып шықты. Мамандар кеспеден мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының зардап шегетіні мәлім еткен деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: humor.fm
Фото: humor.fm: UGC

Жылына мыңдаған бала кеспе дайындау барысында ыстық суға күйіп қалатыны және әртүрлі жарақат алатыны анықталған.

Америка ғалымдары соңғы он жылдағы оқыс оқиғаларды зерттеп, осындай ойға келген.

Мамандардың пікірінше, кеспе дайындаушылар жиналған оқыс оқиғалар тізімін қарап, дұрыс шешім шығаруы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761533-zyldam-dajyndalatyn-kespeler-balalardy-mirine-kauipti-bolyp-sykty.html