RU
Тәжікстанда әйелін жауыздықпен өлтірген генералдың ұлы 18 жылға сотталды
Жаңалықтар Әлемде

Тәжікстанда әйелін жауыздықпен өлтірген генералдың ұлы 18 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның бұрынғы қаржы милициясының басшысы Раджабали Шириновтың ұлы өз әйелін өлтіргені үшін 18 жылға сотталды. Бободжон Ширинзода әйелін балаларының көзінше 13 жерінен пышақтап тастаған деп хабарлайды centralasian.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: centralasian.org

Фото: centralasian.org

Душанбе қалалық соты Тәжікстан жоғарғы экономикалық сотының экс-хатшысы Бободжон Ширинзоданы бұрынғы әйелін жауыздықпен өлтіргені үшін айыпты деп тауып, 18 жылға бас бостандығынан айырған.

Марқұмның туыстары сот шешіміне келіспей, олар жоғарғы сот инстанциясына шағымдануды көздеп отыр.

Бободжон сотта әйелді есін білмей, өлтіріп алғанын ескеруін өтінген. Бірақ сот сараптамасы бұны жоққа шығарған.

Айта кетейік, Бободжон мен Мохира 2007 жылы үйленген. Олар екі жыл бұрын ажырасып кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
7
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel