RU

Шешенстан билігі ВИЧ жұқтырған адамдарға отбасын құруға тыйым салды

Шешенстан тұрғындары енді шаңырақ көтеру үшін Вич дерті мен жыныстық аурулары жоқтығы жайлы анықтама көрсетуі тиіс деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:doorinworld.ru
Фото:doorinworld.ru: UGC

Бұл жайында Республика мұсылмандары діни басқармасының сайтында мүфти Салах-Хажи Межиевтің мәлімдемесіне сілтеме жасалып хабарланған.

Мәліметте, 1 қарашадан бастап, Шешенстан денсаулық сақтау министрлігі жаңа форматтағы сертификаттарды шығаратыны айтылған. Сертификатта отбасы құратын жастардың Вич пен бауырдың қабынуы дертінің болмауы және жыныстық жолмен жұғатын аурулары жоқ екенін расталады.

Айта кететіні, анықтаманы жастар Грозныйдан ғана ала алады.

Сертификаттың негізгі мақсаты жаңа отбасыларды түрлі дерттен сақтау болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761539-sesenstan-biligi-vic-zktyrgan-adamdarga-otbasyn-kruga-tyjym-saldy.html