RU
Алматыда белгілі жазушы екі бірдей еңбегінің тұсаукесер рәсімін өткізді
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда белгілі жазушы екі бірдей еңбегінің тұсаукесер рәсімін өткізді

Рассказать Вконтакте

Алматыда Шыңжандағы Шың Шысай билігімен ұзақ жыл соғысып, ақыры аяусыз қырғынға ұшыраған елге басшы болған батырдың бірі Елсіхан Әліпұлының 110 жылдығына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Азаттық аңсаған қазақ көші және ел бастаған Елсіхан" атты конференцияда жазушы Жәди Шәкенұлы азаттық үшін алысқан Алтайдағы қазақтардың өмір тарихы әлі толық зерттелмегенін айтты.

"Қаралы көш" романының басты кейіпкері Елсіхан 24 жасында қол бастап, небәрі 35 жасында Үндістан жерінде отбасымен бірге қазаға ұшырайды.

Алтайдағы қазақ қолын бастаған Елсіхан әскерлері бір сәтте қытайлық билікпен қатар кеңес одағының қызыл жендеттерімен де соғыс жүргізген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ақыры аяусыз қырғынға ұшыраған арғы беттегі ағайын туған жер, ұшқан ұясын амалсыз тастап, бас сауғалауға мәжбүр болған. Ұзындығы мың шақырымнан асатын Такла Макан шөлі мен Гималай тауында он жылдай соғысып көшкен қазақ көшінің тек үштен бірі ғана Үндістанға аман жеткен.

Бүгінде Түркия арқылы Франция, Германия сынды Еуропа елдерін шарлап кеткен қазақтардың көшу тарихы осылай басталған. Сондықтан он жылға соғысқан көштің тарихы әлі де көп зерттеуді қажет етеді екен.

Сондай-ақ, бүгінгі ғылыми конференцияда Жәди Шəкенұлының “Ел бастаған Елісхан” деректі зерттеулер кітабы мен "Бозмұнар" романының да тұсауы кесілді.

Бүгінде жазушының кітаптары түрік тілдеріне де аударылып үлгерген. Ел-жұртын зұлымдықтан құтқару жолында жан аямай арпалысқан күрескер тұлғаның соңында тұяқ қалмаған.

Бірақ Ұлт қаһарманы, небәрі 35 жасында опат болған Елсіханнан ұрпақ қалмаса да, оның еңбегін бағалаған жұрт Алматыда ас берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel